Илон Маскқа тиесілі X компаниясы жаңа XChat мессенджерін іске қосуды жоспарлап отыр.
Қосымша iOS жүйесіне арналған және 17 сәуірде таныстырылмақ. Жаңа мессенджер Telegram мен WhatsApp сияқты танымал платформаларға бәсекелес болуды көздейді.
XChat-тың негізгі ерекшеліктері:
- Хабарламалар толық шифрланады;
- Скриншот жасауға қарсы қорғаныс бар;
- Хабарламаларды өңдеу немесе екі тараптан да өшіру мүмкіндігі;
- Оқылғаннан кейін өздігінен жойылатын хабарламалар;
- Жүздеген адам қатыса алатын үлкен чаттар;
- Қоңырау шалу үшін телефон нөмірі қажет емес;
- Жарнама мүлдем болмайды.
Компанияның мәліметінше, бұл функциялар XChat-ты басқа мессенджерлерден айтарлықтай ерекшелендіріп, пайдаланушылар үшін тартымды етеді.
Айта кетейік, Илон Маск бұған дейін X платформасын әмбебап қосымшаға айналдыру жоспарын жариялаған. XChat – осы стратегияның бір бөлігі. Жоба аясында әлеуметтік желі тек жазба жариялайтын орта ғана емес, сонымен қатар хат алмасу, қоңырау шалу және файл алмасу қызметтерін біріктіретін экожүйеге айналмақ.





