
Илон Маск АҚ үйдегі қоғамдық қызметін тоқтатқаннан кейін, Дональд Трамптың ішкі саясаттағы басты бастамаларының бірі – «Бір Үлкен Керемет Заң» деп аталған салық және бюджет шығындары туралы заң жобасын ашық түрде сынға алды.
Ол бұл құжатты «жиіркенішті» деп атады, деп хабарлайды BBC.
– Кешіріңіздер, бірақ мен бұдан былай шыдай алмаймын. Бұл орасан зор, ашықтан-ашық масқара, «шошқа етіне» (яғни артық шығынға) толы шығындар туралы заң – жиркенішті. Оған дауыс бергендерге ұят: сіздер өз істеріңіздің жаман екенін білесіздер, – деп жазды Маск өзінің X желісінде.
АҚШ-та «шошқа еті» («pork» немесе «pork barrel») деп саясаткерлер белгілі бір тар топтардың, бизнес өкілдерінің немесе өз мүдделеріне сай лобби жасап, бюджеттен бөлгізген артық және қажетсіз шығындарды атайды.