Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Интернет арқылы зат сатып алу кезінде ескеретін қағида қандай?

Интернет арқылы зат сатып алу кезінде ескеретін қағида қандай?

Қазіргі кезде интернет-дүкендердің танымалдығы артып келеді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл ретте қауіпсіз сауда жасау үшін келесі ережелерді сақтау керектігін ескертеді. 

  1. Қауіпсіз әрі тексерілген сайтты таңдаңыз

Тек қорғалған (сілтеме жолында құлып белгісі және HTTPS) сайттарды пайдаланыңыз. Ұзын сандар мен күдікті таңбалардан тұратын URL-мекенжайлардан аулақ болыңыз. Алаяқтар жиі танымал интернет-дүкендердің көшірмелерін жасайды, сондықтан сайт сілтемесін және SSL сертификатын тексеріңіз.

  1. Қоғамдық Wi-Fi қолданбаңыз

Ашық Wi-Fi желілері арқылы сауда жасамаңыз. Қаскүнемдер ашық желілер арқылы азаматтардың дербес деректерін алуы мүмкін. Тек жеке интернет байланысты қолданыңыз. Сонымен қатар өз құрылғыңыздың қауіпсіздік жүйесін пайдаланыңыз.

  1. Жеке карта ашыңыз

Интернет-дүкендер үшін бөлек карта пайдаланыңыз, оны негізгі шоттарыңызға қоспаңыз. Төлем алдында картаға қажетті соманы аударып, шығындарға шектеу қойыңыз.

  1. Құрылғыға шектеу қойыңыз

Егер сіздің гаджетіңізді балаларыңыз пайдаланса, барлық аккаунттардан шығып, қосымша қорғаныс қызметін қосыңыз (мысалы, App Store немесе Google Play арқылы растау). Сонда балаңыз кездейсоқ онлайн зат сатып ала алмайды немесе ақылы ойындарды жүктей алмайды.

  1. Қауіпсіз төлем әдістерін таңдаңыз

Сенімді дүкендер бірнеше төлем әдісін ұсынады, соның ішінде төлемді тауар жеткізілгеннен кейін жасау. Төлем жасалғаннан кейін чек пен тапсырысты растау хатының келгенін тексеріңіз. Қорғалмаған төлем шлюздерін пайдаланатын сайттардан аулақ болыңыз.

 

Ұқсас материалдар