
Бірқатар өңірде (жалпыұлттық пулға 150 мың айлық есептік көрсеткіштен асатын жобалар енгізіледі, қалғандары өңірлік пулдарға кіреді) жалпыұлттық және өңірлік пулдарда өзектілігін жоғалтқан инвестициялық жобалар тіркелген.
– Абай және Ақмола облыстарында бекітілген өңірлік инвестициялық жобалардың пулдары мүлде болмаған. Бас прокуратураның ұсынысы бойынша бұл кемшіліктер жойылды.
Инвесторлар тізіліміне 7 трлн теңгеге 250 инвестициялық жоба енгізілді, өңірлік пулға қосымша 290 жоба енгізілді, – делінген бақылаушы органның ақпаратында.
Сонымен қатар 136 өзектілігін жоғалтқан жоба тізілімнен алынып тасталды.
Жол берілген заңбұзушылықтар үшін мемлекеттік органдардың 6 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылған.