50 млн теңгеден 500 млн теңгеге дейінгі салымдарда шетел валютасының үлесі 36,1%-ды құраған. Ал көлемі 1 млн теңгеге дейінгі депозиттерде бұл көрсеткіш шамамен 7% болған.
Сонымен бірге ірі салым иелері соңғы жылдары ақшасын жаппай валютаға ауыстырып жатқан жоқ. 500 млн теңгеден асатын депозиттердегі валютаның үлесі 2021 жылы 74,8% болса, 2025 жылы 56,1%-ға дейін төмендеген. Жалпы банк депозиттеріндегі долларлану деңгейі 2025 жылдың қорытындысында 21,1%-ды құрап, тарихи ең төмен көрсеткішке жеткен. Жеке тұлғалардың депозиттерінде валютаның үлесі бір жылда 20%-дан 18%-ға азайған.
Ұлттық банк дедолларлануға теңгенің нығаюы, теңгелік құралдардың тартымдылығы және валюталық депозиттер бойынша кірістіліктің төмен болуы әсер еткенін атап өткен. Ірі салым иелерінің валюталық жинақтағы үлесінің жоғары болуы тәуекелдерді әртараптандыру ниетімен де байланысты болуы мүмкін.





