Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Әйгілі банкир мен әйелінің мәйіттері табылды

Әйгілі банкир мен әйелінің мәйіттері табылды
Италиялық құтқарушылар Morgan Stanley International директорлар кеңесінің төрағасы Джонатан Блумер мен оның әйелінің денесін Сицилия аралының жағалауында суға батып кеткен яхтадан алып шықты, деп хабарлайды Sky News. 

«Джонатан Блумер мен оның әйелі Джуди Блумер екені анықталды», - деп хабарлады арна. Телеарнаның мәліметінше, барлығы бес адамның мәйіті табылған.

Бұған дейін адвокат Кристофер Морвилло мен оның әйелі Неданың, бір күн бұрын британдық кәсіпкер Майк Линчтің мәйіті анықталғаны хабарланды. 

Ұзындығы 56 метрлік яхта дүйсенбі күні таңертең Сицилиядағы Портичелло қаласына жақын жерде дауыл кезінде суға батып кетті. Тағы бір нұсқа бойынша, алдымен кеме діңгегі сынып, тұрақтылығын жоғалтқан кеме суға батып кеткен, деп хабарлады Corriere della Sera газеті. 

Бортта барлығы 22 адам болған: 10 экипаж мүшесі және 12 жолаушы. Құтқарушылар 15 адамды аман алып үлгерді. Бір адамның мәйіті апат болған күні табылды. 

Ұқсас материалдар