Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Кабинетінде қыз зорлаған бұрынғы полиция бастығының әйелі тергеліп жатыр

Кабинетінде қыз зорлаған бұрынғы полиция бастығының әйелі тергеліп жатыр

Антикор Талдықорған қалалық полициясының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевтың әйеліне қатысты іс жүргізіп жатыр. 

Оның әйелі жәбірленушіге пара берді деген күдікке ілінген. Жетісу облысы прокуратурасының хабарлауынша, жергілікті Антикоррупциялық қызмет департаментінде ҚР ҚК 422-бабы, 1-бөлігі бойынша жәбірленушіге пара беру дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

«Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», – деп хабарлады прокуратура.

Сот кабинетіндегі деректерге сәйкес, 2024 жылдың қараша айында Марат Күштібаевтың әйеліне қатысты тергеу сараптама жүргізу үшін тоқтатылған.

Ұқсас материалдар