«Өскемен қаласының N2 соты сотталған Қайрат Сатыбалдының жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыру туралы өтінішін қарады. Сот сотталушының өтінішхатын қанағаттандырып, өтелмеген бөлігін ауыстырды. 3 жыл 3 ай 7 күн мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды», - делінген сот хабарламасында.
Баспасөз қызметі Сатыбалдыға пробациялық бақылау орнатылғанын атап өтті.
Сонымен қатар, тұрақты жұмыс болмаған жағдайда «жазаны өтеудің барлық мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағат мәжбүрлі жұмысқа тартылады».
Сот шешімімен оған мынадай міндеттер жүктеледі: сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 10 күн ішінде тұрғылықты жері бойынша пробация қызметіне тіркелу үшін келу, уәкілетті мемлекеттік органға хабарламастан тұрақты тұрғылықты жерін, жұмыс орнын, оқу орнын өзгертпеуге, сотталған адамның түзелуіне ықпал ететін және оның жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауына жол бермейтін өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Қайрат Сатыбалдының өзі Қазақстан халқы мен Президенттен кешірім сұрады.
"Халқымызда сөз бар, "жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды" деген. Мен жасаған қателіктерімді мойындаймын. Маған қатысты қылмыстық іс бойынша мен органдарға көмектесіп, бүкіл заңсыз қаржыны қайтарып жатырмын. Елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару – елдің ырысын өзіне қайтару деп білемін. Бұл – Мемлекет басшысы қабылдаған маңызды шешімдердің бірі. Мұндайды көрген соң, ендігі жерде ешкім елдің ырысын сыртқа шашпайды. Мен Президентіміздің жүргізіп отырған саясатын толықтай қолдаймын. Заңсыз капиталдың бәрі – тиынына дейін елге қайтарылып, заң мен тәртіп болуға тиіс! Халықтан, кезінде тізем батқан, ақысына кірген адамдардан және Мемлекет басшысынан кешірім сұраймын", деді Қайрат Сатыбалды.Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2022 жылдан бері Сатыбалды мемлекетке 732,8 миллиард теңгенің мүлкін қайтарғанын хабарлаған.
Тегтер:
Ұқсас материалдар
Жаңалықтар
Қазақстан мен ШҰАА арасындағы тауар айналымы 17,67 млрд долларға жетті
- 09 желтоқсан, 2024
Көп оқылғандар
Жаңалықтар
Қазақстан мен ШҰАА арасындағы тауар айналымы 17,67 млрд долларға жетті
- 09 желтоқсан, 2024