Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алматы облысында 10 жер учаскесі аукционға қойылды

Алматы облысында 10 жер учаскесі аукционға қойылды

Қайтарылған активтері басқару компаниясының мәліметінше, электронды жер аукционы E-Qazyna веб-платформасында бағаны көтеру әдісі арқылы өтеді.

Аукцион 2025 жылғы 13 тамызда өтеді. Саудаға Алматы облысында орналасқан 10 жер учаскесі шығарылып отыр. Лоттың жалпы бастапқы бағасы – 1 575 778 934 теңге.

 Аукционға қатысу үшін:

– E-Qazyna платформасында тіркелу қажет;

 – Кепілдік жарнаны енгізу керек; 

– Өтінімді белгіленген мерзімде беру қажет.

Сауда онлайн-форматта өтеді, бұл оған әлемнің кез келген нүктесінен қатысуға мүмкіндік береді.

– Қайтарылған активтерді басқару компаниясы барлық процестің ашықтығын қамтамасыз етеді және объектілер туралы толық ақпаратты, яғни объектінің сипаттамасы мен бағалау құнын ашық жариялайды, – делінген хабарламада.

Аукционға қатысу шартымен толығырақ E-Qazyna платформасында танысуға болады.

Ұқсас материалдар