
Аукционда ең бағалы актив Астана қаласында орналасқан үй-жай болған. Ол 96 млн теңгеге сатылды. Одан бөлек:
Patek Philippe World Time Chronograph Green Mecca Edition қолсағаты — 36 270 976 теңге;
Cartier Ballon Bleu Tourbillon қолсағаты — 17 710 344 теңге;
Chopard Imperiale қолсағаты — 4 819 512 теңге;
Breguet 882U № 3271 сағаты — 8 822 779 теңге;
Ulysse Nardin Executive Skeleton Tourbillon сағаты — 5 959 911 теңге;
Chopard алқасы — 2 362 688 теңге;
Cartier LOVE білезік пен жүзік — 2 619 282 теңге;
Blancpain Villeret Ultraplate қолсағаты — 2 975 401 теңге;
Басқа зергерлік бұйымдар, сырғалар, жүзіктер, білезіктер мен коллекциялық монеталар – 19 млн теңге.
– Барлық аукциондар E-Qazyna веб-платформасында электронды форматта өткізілді және ашықтық пен жариялылық принциптері қатаң сақталды, — делінген компания жауабында.
Қазіргі уақытта «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» басқаруында зергерлік бұйымдарды қоспағанда жалпы құны 48,6 млрд теңге болатын 37 актив бар. Оның ішіне құны 12,5 млрд теңге болатын Алматы қаласындағы 6 жер учаскесі кіреді.
— Жақын арада 164 дана зергерлік бұйым және Алматы қаласындағы «Көктем-2» ықшам ауданы, 22 мекенжайындағы жылжымайтын мүлік сатуға қойылады. Сондай-ақ аукционға Алматы облысындағы 15 жер учаскесі шығарылды. Аукциондар 2025 жылғы 22 шілде мен 31 шілде аралығында өтіп жатыр, — деп хабарлады компаниядан.
Аукционнан түскен барлық қаражат Арнайы мемлекеттік қорға аударылады. Қазірге дейін қорға 25,4 млрд теңге түскен. Оның ішінде: 24,6 млрд теңге – активтерді сатудан, 800 млн теңге – жалдау, дивидендтер және сенімгерлік басқарудан түскен кірістер.
Еске салайық, «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» 2023 жылғы 21 қыркүйекте құрылған.