Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қайтарылған активтер: Түркістанда өнер мектебі пайдалануға берілді

Қайтарылған активтер: Түркістанда өнер мектебі пайдалануға берілді

Түркістан облысының Ордабасы ауданында 300 балаға арналған музыка өнері мектебі ашылды.

Білім нысаны мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған және Президент тапсырмасымен жүзеге асқан алғашқы әлеуметтік жобалардың бірі саналады.

Ашылу рәсіміне Бас прокурордың орынбасары Ғабит Садырбеков, облыс басшылығы және қоғам өкілдері қатысты.

Заманауи мектепте домбыра, қобыз, фортепиано және басқа да аспаптарды үйретуге арналған толық жабдықталған кабинеттер бар. Мекеме балалардың музыкалық қабілетін дамытуға және халықаралық байқауларға дайындауға мүмкіндік береді.

Ғабит Садырбековтің айтуынша, мектеп құрылысы сегіз айда аяқталған.

Қазір қайтарылған активтер есебінен ел бойынша 434 әлеуметтік жоба іске асырылып жатыр, оның 30-ы Түркістан облысында орналасқан. Бұл нысандар өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын күшейтуге бағытталған.

Ұқсас материалдар