Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қайыңды көліне баратын жаяу жүргіншілер жолы уақытша жабылды

Қайыңды көліне баратын жаяу жүргіншілер жолы уақытша жабылды

Қайыңды көліне баратын жаяу жүргіншілер жолы уақытша жабылды. Бұл туралы «Көлсай көлдері» МҰТП хабарлады.

«Құрметті демалушылар! Қайыңды көліне алып баратын жаяу жүргіншілерге арналған соқпақ сырғыма қаупі бар учаскенің анықталуына байланысты және қауіпсіздік шараларға байланысты уақыша жабық екенін ескертеміз» делінген Ұлттық парк хабарламасында.

Алайда сырғыманың нақты қай жерде екені, жаяу жүргіншілер жолының неше күнге жабылғаны туралы ақпарат жоқ.

Айта кетейік, 2018 жылы 19 сәуірде «Көлсай көлдері» МҰТП аумағында тау сырғып, Көлсай көліне баратын жолды басып қалу қаупі туындаған еді. Кейін сырғыма Көлсай өзеніне жетпей тоқтады. Таулы өңір болғандықтан мұнда сырғыма, қауіпті аумақтардың болуы қалыпты жағдай. Мұндай жайттар анықталғанда Ұлттық парк хабарландыру жасап, ол маңға баруды уақытша шектейді.

 

Ұқсас материалдар