Елімізде қайырымдылық қоры көп. Алайда, әлеуметтік желі арқылы ақша жинайтын мұндай қорлардың жұмысын қадағалап жатқан кім бар?
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның сөзінше, қазір жұмыс тобы құрылып, мәселе зерделеніп жатқан көрінеді. Ол қайырымдылық қорларына тыйым салу бастамасы жайында ойын былай сабақтады.
«Қазір бұл мәселе талқыланып жатыр. Жұмыс тобы құрылды. Нақты шешім әлі жоқ, ұсынысты жинап, сарапшылардың пікірін зерделеп жатырмыз. Мұндай бастамалар оңайлықпен қабылдана салмайды. Өйткені алыпсатарлық, алаяқтық фактілері бар. Сондықтан, осыған байланысты біз қайырымдылық көмек тетігін жетілдіру мәселесін қарастырамыз. Сондықтан өздеріңізді де осы мәселеге байланысты пікір білдіруге белсенді қатысуға шақырамыз», – деді ол.
Айта кету керек, бұған дейін белсенділер үкіметтің жеке тұлғалардың қайырымдылыққа қаражат жинауына тыйым салу мәселесін қолға алатынын айтқан еді.