
Республикалық бюджеттен субсидияланатын жаңа бағыт Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің және Абай облысы әкімдігінің қолдауымен ашылып отыр.
23 қыркүйектен бастап «Қарағанды-Семей» бағытында әйе рейсі ашылды. Жолаушылар аптасына 2 рет – сейсенбі және бейсенбі күндері қатынайтын болады. Билет бағасы – 15 000 теңге.
Жаңа бағыттың ашылуы тұрғындарға қолайлы әрі қолжетімді бағада сапарлауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Семей қаласынан «Семей – Алматы», «Семей – Астана», «Семей – Үржар», «Семей – Қарағанды» бағыттары бойынша әуе рейстері орындалады.