Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«Картоп бағасы 320 теңгеден аспайды»

«Картоп бағасы 320 теңгеден аспайды»

Қазақстанның Сауда министрлігі елде картоп тапшылығы жоқ екенін алға тартуда. Себебі, министрлік  тұрақтандыру қорларындағы 62 мың тонна картопқа сенім артып отыр.

Сауда комитетінің төрағасының орынбасары Ернұр Жәутіков мәлімдеуінше, әлеуметтік дүкендер тұрақтандыру қорларынан алынған картоптың келісін 130 теңгеден сатып жатыр. Министрлік бағаны тұрақтандыру үшін елімізде картоп экспортына уақытша 6 айға шектеу енгізбек.

«Экспорт көлемі өсті, ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілердің қорында картоп бар. Сонда да өнімнің қымбаттап жатқанын байқап отырмыз», – деді ол.

Ернұр Жәутіков өнімнің өзіндік құны тасымал мен саудагерлердің пайдасын қоса алғанда, картоптың бағасы 320 теңгеден аспайтынына сенімді.

2024 жылы картоп бағасы өндірушілер үшін 170 теңгеден 270 теңгеге дейін өсті. Бұл ретте экспорт көлемі 50%-ға артып, 605 мың тоннаны құрады.

Ұқсас материалдар