
Қаулының толық атауы – «Банктік қызметтерді көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидаларын бекіту туралы» қаулы. Бұл қаулыны 2017 жылы Ұлттық банк қабылдаған. Агенттік осы құжатты заман талабына сай жетілдірмекші.
Жоба мынадай қосымша бақылау шараларын енгізуді көздейді:
1) мүгедектігі бар адамдарға және халықтың басқа да аз қозғалатын топтарына көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібін айқындау;
2) банктерді интернет-ресурстарында алатын/алған қарыздың ай сайынғы төлемдерін есептеп беретін онлайн калькулятор орналастыруға міндеттеу;
3) төлемдер мен аударымдардың тарифтерін көтермей тұрып 3 ай бұрын клиенттерді хабардар ету жөніндегі талап;
4) клиенттердің өтініштерін қарау мерзімдерін айқындау.
Құжат 21 шілдеге дейін порталда талқылауға қойылып отыр.