Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қаржы пирамидасын қалай анықтауға болады?

Қаржы пирамидасын қалай анықтауға болады?

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы пирамидасын қалай анықтауға болады және алаяқтардың құрбанына айналмаудың жолдары жайында түсініктеме берді. 

Қаржы пирамидаларының бірнеше айқын белгілері бар. Біріншіден, қатысушылардан бастапқы жарна төлеуді сұрап, нарықтағы көрсеткіштерден әлдеқайда жоғары табыс уәде етіледі. Мұндай ұйымдар интернет пен әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, белсенді жарнамалық науқандар жүргізеді және жаңа клиенттерді тартқаны үшін қосымша сыйақылар ұсынады. Көп жағдайда мұндай компаниялардың қаржылық жағдайы туралы ашық ақпарат жоқ, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген халықтың депозиттерін тартуға немесе бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы болмайды.

Екіншіден, классикалық қаржы пирамидаларының бірнеше атауы болуы мүмкін. Алайда жұмыс қағидаты біреу.  Классикалық қаржылық пирамидалар әртүрлі аталуы мүмкін, бірақ олардың жұмыс принципі өзгермейді. Қатысушылардың табысы тек жаңа салымшылардан қаржы тарту арқылы қалыптасады, ал алғашқы қатысушылардың табысы кейінгі салымшылардың қаражатынан төленеді. Алаяқтар заман талабына сай әдістерді меңгеріп, IT-технологияларды және эмоциялармен манипуляциялау сынды әдістерді пайдаланады. Қаржы пирамидаларын ілгерілетуде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер маңызды рөл атқарады, бұл жаңа құрбандарды тартуды жеңілдетеді.

Көпшілік қаржы пирамидасын желілік маркетингке ұқсатады. Оның желілік маркетингтен айырмашылығы мұндай саудада тартылған адамдарға да белгілі бір пайыздар төленеді, алайда оның негізінде дистрибьюторлық желі қатысушылары сататын өнім тұр. Ал қаржы пирамидасының негізінде  салымшылардың ақшасы тұр.

Үшіншіден, қаржы пирамидалары букмекерлік кеңселер мен инвестициялық компанияларының атын жамылуы әбден мүмкін.

Бұл жағдайда қатысушыларға «жоғары кірісті» онлайн жобаларға ақша салу ұсынылады. Жаңа қатысушыларды тарту міндетті болмауы мүмкін. Ұйымдастырушылар жоба іске қосылғаннан кейін өте жоғары табыс уәде етіп, қажетті соманы жинағаннан кейін ізін суытады.

Есте сақтаңыз:  Қаржы пирамидасын құрғаны үшін ҚР ҚК 217-бабы бойынша мүлкі тәркіленіп, он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға, сондай-ақ белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыруға қылмыстық жаза көзделген.

Ұқсас материалдар