Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қашаған мұнайшылары ереуілге шықты

Қашаған мұнайшылары ереуілге шықты

Қазақстанда Delta Solution Service компаниясының қызметкерлері халықаралық консорциумнан еңбек жағдайларын жақсартуды талап етті.

Олар ел президентіне бейнеүндеу жолдады. Жұмысшылар 12 қаңтарда компания қақпасының алдында жиналып, жұмыс берушіден тарифтік мөлшерлемелерді қайта қарауды, тұрмыстық жағдайларын жақсартуды және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді талап етті. Бұл өтініш Telegram-дағы ENERGY MONITOR арнасында жарияланды.

North Caspian Operating Company N.V (NCOC) – Қашаған кен орнында мұнай мен газ өндіру бойынша операторлық қызмет атқаратын компания. 2021 жылдың соңында бұрынғы мердігерлік компанияның қызметкерлері өздерінің келісімшарттарының жаңа құрылған (тәжірибесі жоқ) «Delta Solution Services» компаниясына өткеніне шағымданған болатын. Бұл компания NASAR Solutions және Caspian Development Group бірлескен кәсіпорны саналады. NCOC осы екі компанияға коммерциялық ұсыныстары ұнағаны үшін келісімшарт жасасқанын хабарлаған болатын.

Ереуілге шыққан жұмысшылар өз қойған шарттарын орындауды талап етіп жатыр.

Ұқсас материалдар