
Қашағанда күрделі жөндеу жұмыстары бұрын жарияланған 3 қазанда емес, 7 қазанда басталады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі хабарлады.
«Кен орнындағы жөндеу жұмыстары 7 қазанда басталады», - деді министрліктен бейсенбіде. Алайда себебін нақтыламады.
Бұған дейін Энергетика министрлігі Қашаған кен орнындағы жөндеу жұмыстары 3 қазанда басталып, 38 күнге созылатынын хабарлаған еді.