Экономика
KASE: доллар бағамы 312,65 теңге болды
Қазақстан қор биржасының таңғы сессиясы кезінде доллар бағамы 312,65 теңге болды. Бұл туралы биржа сайтында жазылды.
KASE ақпараты бойынша, дүйсенбі күнгі АҚШ долларына қатысты сауда кезінде минималды курс 308,50 теңге болса, максималды курс – 315 теңгені құрап, сессияның жабылуында 309 теңге болды. Сауда-саттық көлемі – 64 550 мың долларды құрады. Валюта операциясы бойынша келісім саны — 23.
23 қазан күнгі ресми АҚШ долларының курсы — 307,53 теңге.
Естеріңізге салайық, 2015 жылдың 20 тамызынан бастап Қазақстан теңгені еркін айналымға жіберген еді. Теңгенің айырбас курсы нарықтық сұраныс пен ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторларды ескере отырып ұсынылады.
Фото: finance.bigmir.net сайтынан алынды.