Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қасым-Жомарт Тоқаев: Банктер Үкіметтің, соның ішінде халықтың жауы емес

Қасым-Жомарт Тоқаев: Банктер Үкіметтің, соның ішінде халықтың жауы емес
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында  маңызды жобаларды қаржы көздерімен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды. 

"Екінші деңгейдегі банктердің ресурстарын үкіметтік бағдарламаларға, атап айтқанда, ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы мен жаңғырту жұмысына тартуға болады және тарту керек деген мәселе көп айтылды. Мемлекет бөлетін қаражатты кезең-кезеңімен несие мөлшерлемесін субсидиялауға қарай бағыттау керек. Бұл қаржыландыру көлемін бірнеше есе ұлғайтып, банктердің ақшасын экономикалық айналымға қосуға мүмкіндік береді", - деді Президент.


Мемлекет басшысы 2017 жылдан бастап 2020 жылға дейін бірқатар ірі банкке мемлекет тарапынан, соның ішінде Ұлттық қор есебінен 15 жыл мерзімге қаржылай қолдау көрсетілгенін атап өтіп, бұл көмек банк акционерлері де ортақ жауапкершілікке ие болады деген талаппен берілгеніне тоқталды. 
"Кейбір банктер өз шығындарын әлдеқашан өтеген. Бірақ мемлекеттің иелігіндегі қаржыны қайтаруға асықпайды. Тіпті оны жоғары пайызбен тәуекелі аз мемлекеттік қаржы құралдарына салып, кепілді табыс тауып отыр. Үкімет пен Ұлттық банкке шара қабылдауды тапсырамын.Бір нәрсені атап өткім келеді: банктер Үкіметтің, соның ішінде халықтың жауы емес. Бірақ диалог негізіндегі әділ серіктестік орнауға тиіс. Кезінде сіздерге көмектестік, енді сіздердің кезектеріңіз келді", - деді Президент. 

Фото: Akorda.kz

Ұқсас материалдар