Қатар даму қоры Астанадағы «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітін жөндеу, қалпына келтіру және кеңейту жұмыстарына 8 млн АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлетін болды.
Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Қатарға ресми сапары барысында Қатар даму қорының бас директоры Фахд бин Хамад Әс-Суләйтимен кездесу өтіп, жобаны қаржыландыру туралы келісімге қол жеткізілді.
Жоба аясында мешіт аумағында рухани-мәдени орталық салу да жоспарланған. Құрылыс жұмыстарын Қатар даму қоры бақылап, толық аяқталғаннан кейін нысан ҚМДБ-ға беріледі.





