Катардың Nebras Power инвестициялық компаниясы Абай облысында гидроэлектростанция салуды жоспарлап отыр.
Бұл туралы «Самұрық-Қазына» баспасөз қызметі хабарлайды. Қазір «Самұрық-Қазына» мен Nebras Power басшылығы арасында келіссөздер жүріп жатыр. Баспасөз қызметінің мәліметінше, ГЭС құрылысы Қазақстанның шығысында салынуы мүмкін.
Гидроэлектростанцияның қуаты 350 МВт-ға дейін жетеді. Бұл жоба қазіргі Шүлбі ГЭС-інің жұмысын қарама-қарсы тараптан бақылап отыруды қамтамасыз етпек.
Nebras Power – ірі энергетикалық және инвестициялық компания, штаб-пәтері Дохада орналасқан. Негізгі инвестициялық компаниялар Таяу Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Азия, Африкадағы Сахараның оңтүстік бөлігі, Шығыс Еуропа, Орталық Азия және Латын Америка нарығында шоғырланған.
Осы жылы Қазақстан мен Қатар арасында келісім жасалып, араб мемлекеті елімізге 20 млрд доллар инвестиция салуды жоспарлады. Оның аясында телекоммуникация, энергетика, мұнай-химия және басқа да салалар да ортақ жобалар жүзеге асырылмақ. Құрылыс кезінде 14 мыңнан аса адам, пайдалануға берілген кезде 3 мың адам жұмыспен қамтылады деген жоспар бар.