
2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында KAZ Minerals компаниясы алтын өндірісін 17,5%-ға қысқартты. Бұл туралы «Вестник золотопромышленника» басылымы хабарлады.
Компанияның мәлімдеуінше, бұл төмендеу алтын, күміс және мырыштың мөлшері аз жерлерде өндірістің жүргізілуіне байланысты орын алған.
Негізгі өнім – мыс өндірісі де аздап қысқарды:
2025 жылдың қаңтар-маусым аралығында компания 184 мың тонна мыс өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ға аз.
-
Алтын өндірісі: 145,8 мың унция (4,535 тонна -10%)
-
Күміс өндірісі: 3,728 млн унция (115,954 тонна -7%)