Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәжіліс кулуарында «Қазақфильм» компаниясын мемлекет тарапынан тікелей қаржыландыру мәселесі заңнамалық тұрғыдан қаралып жатқанын мәлім етті.
Министр Аида Балаева «Қазақфильм» жабылмайтынын мәлімдеп: «Министр ретінде мұны ресми түрде жариялаймын. Бұл – біздің тарихымыз. Кино мен кинематографияның дамуы «Қазақфильммен» тікелей байланысты. Сондықтан оны сақтау және дамыту – ұрпақ ретінде міндетіміз, – деді ол.
Алайда, ол мәдениет министрлігінің «Қазақфильмді» тікелей қаржыландыруға құқықтық негіздері жоқ екенін айтады. «Қазақфильмнің» дәл қазір кино түсіретін барлық продюсерлік компаниялар сияқты тең құқығы бар.
– Біз бұл мәселені заңнамалық деңгейде реттеу үшін нақты шаралар қабылдап жатырмыз. Яғни, «Қазақфильмнің» тікелей қаржыландыру құқығы болатын норманы заңға енгізудеміз. Қазір оның мұндай қаржыландыруға құқығы жоқ. Бұл уақыт еншісіндегі мәселе, – деді министр.
Сондай-ақ, министр «Қазір кинокомпанияның жағдайы өте ауыр, атап айтқанда инфрақұрылым қатты зардап шекті», – деп қоса кетті.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Қазақстан мен ШҰАА арасындағы тауар айналымы 17,67 млрд долларға жетті
- 09 желтоқсан, 2024