«Қазақмыс» компаниялар тобы шығыс Жезқазған кенішінің «Анненск» шахтасында қайғылы оқиға болды.
Өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан 1985 жылы туған 5-разрядты ұнтақтаушы қаза тапты. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, жазатайым оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрылды.
«Қазақмыс» басшылығы мен ұжымы, марқұмның туыстары мен жақындарына шын жүректен қайғыра көңіл айтады. Оның отбасына жерлеу шығындарымен, ұжымдық шартта көзделген барлық қажетті көмек көрсетіледі», – делінген хабарламада.
«Қазақмыс» компаниялар тобы шығыс Жезқазған кенішінің «Анненск» шахтасында болған кеншінің өліміне қатысты Ұлытау облыстық Полиция департаментіне ресми мәлімдеме жасады.
Ведомство мәліметінше, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. «Анненская» шахтасында өліммен аяқталған өндірістік жарақат фактісі бойынша Сәтбаев қаласының полиция бөлімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабы, 3-бөлігі (абайсызда адамның өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғады.
Оқиға орнына келген Ұлытау облысы полиция департаментінің жедел-тергеу тобы мен басшылығы тексеру және тергеу әрекеттерін жүргізуге кірісті.
Тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында, – делінген облыстық ПД хабарламасында.