Швейцариялық Mercuria Energy Group Ltd. Қазақстандағы ірі мыс өндірушілердің бірі – «Қазақмысты» сатып алуды қаржыландыру үшін 1,2 млрд доллар бөлмек.
Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.
Агенттік мәліметінше, қаржыландыру мерзімі 8 жылға жоспарланған. Алғашқы төрт жыл ішінде Mercuria жыл сайын 200 мың тонна мыс катодын сатып алып отырады, кейін өндіріс көлемінен үлес алатын болады.
Мәміленің нақты құны жарияланған жоқ. Тараптар да бұл келісімге қатысты ресми түсініктеме бермеген.
Еске салайық, бұған дейін Лондон қор биржасында тіркелген «Қазақмыс» компаниясы қазір Qazaq Acquisition Corp. арқылы кәсіпкер Нұрлан Артықбаевтың бақылауында.





