Жаңалықтар
Қазақстан АЭС салу бойынша референдум өткізуге 15,5 млрд теңге жұмсайды
«Мемлекет басшысы референдумның болжамды мерзімін бірнеше рет атап өтті, біз алдын ала дайындалып, шығындардың жалпы сомасын есептедік, бұл біздің болжам бойынша 15,5 миллиард теңгені құрайды», - деді Мұстафина Астанада өткен брифингте.Оның айтуынша, бұл есеп бойынша жалпы соманың 71%-ы барлық деңгейдегі комиссия мүшелеріне еңбекақы төлеуге, қалған 29%-ы басқа ұйымдастырушылық шығындарға қажет болады.
Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров республикалық референдумға 12,1 миллионнан астам азамат қатыса алатынын хабарлаған болатын.
Айта кетейік, бір күн бұрын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 6 қазанда атом электр стансасын салу бойынша республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды.