Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан азаматтығын алу үшін тестілеу 11 ақпанда өтеді

Қазақстан азаматтығын алу  үшін тестілеу 11 ақпанда өтеді

Қазақстан азаматтығын алуға ниетті тұлғалар 3-10 ақпан аралығында ұлттық тестілеуге өтініш бере алады. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.

Өтінішті app.testcenter.kz сайты арқылы немесе UTO мобильді қосымшасында онлайн түрде рәсімдеуге болады. Тестілеу 11 ақпан күні өтеді.

Емтихан үш бөлімнен тұрады:

  • Қазақ тілі (30 тапсырма, шекті балл – 15);

  • Қазақстан Конституциясының негіздері (40 тапсырма, шекті балл – 20);

  • Қазақстан тарихы (30 тапсырма, шекті балл – 15).

Ең жоғары жинақталатын балл – 100, өту шегі – 50 балл. Тестілеуге 2 сағат 10 минут уақыт беріледі. Мүгедектігі бар азаматтар үшін қосымша 30 минут қарастырылған.

Тестілеуге қатысу құны – 14 693 теңге.

Айта кетейік, 2026 жылдан бастап Қазақстанда тұруға ықтиярхат алғысы келетін шетел азаматтары үшін де қазақ тілінен тест тапсыру міндетті болады.

Ұқсас материалдар