
Қазақстан Еуроодақ елдеріне бал экспорттауға ресми рұқсат алды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында айтты.
«Бүгінде Еуропа елдерінің тізілімінде 62 қазақстандық кәсіпорын тіркелген. Осы жылы Қазақстан ЕО елдеріне бал экспорттауға ресми рұқсат алды. Сондай-ақ аквакультура, жылқы еті және сүт өнімдерін экспорттауға жол ашу бағытында жұмыс жүргізілуде. Қытайға өнім экспорттайтын кәсіпорындар тізілімінде 2 649 қазақстандық кәсіпорын бар», – деді АШМ басшысы
2025 жылы Қытаймен құс етіне қатысты ветеринариялық талаптарды белгілейтін хаттамаға қол қойылды.
«Сонымен қатар, Грузиямен союға арналған ірі қара мал мен ұсақ қара мал және Иранмен тұяқты малдың жүні бағытында ветеринариялық сертификаттарға қол қойылды. Түркия, Ауғанстан және Пәкістанмен нарықтарды кеңейту бойынша келіссөздер жалғасуда», – деді министр.