Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан халқы 20,3 млн адамға жетті – Статистика бюросы

Қазақстан халқы 20,3 млн адамға жетті – Статистика бюросы
2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 353 265 адамға жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті.

Жыл басынан бері ел халқы 69,8 мың адамға артты. Оның ішінде табиғи өсім 63,4 мың адамды, ал көші-қон есебінен өсім 6,3 мың адамды құрады.

Халық санының ең жоғары өсімі елордада тіркелді. Астана тұрғындарының қатары осы кезеңде 29,7 мың адамға көбейді. Бұл өсімнің 78,3 пайызы көші-қон есебінен қамтамасыз етілген.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, көші-қонның оң сальдосы 5 өңірде – Алматы және Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ республикалық маңызы бар үш қалада – Астана, Алматы және Шымкентте байқалды. 

Сонымен қатар бюроның 12 мамырдағы жарияланған мәліметінше, қантар-наурызда елге келгендер саны 4923 адамды, елден кеткендер саны 1122 адамды құрады. Көші-қон айырымы 3801 адамды құрады. 

Құжатта көрсетілгендей елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүретіні көрсетілген. Осы елдерден келгендердің үлесі 84,1 пайыз, ал бұл елдерге кеткендердің үлесі 68 пайызды құрады.

Ұқсас материалдар