Қазақстан халықаралық банктен 85 млрд йен қарыз алады.
Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.
Депутат Татьяна Савельеваның хабарлауынша, заң жобасы Үкіметтің 2024 жылғы 18 қарашадағы қаулысымен енгізілген. Келісім 2024 жылдың 11 қазанында Астанада жасалған.
«Аталған келісім 2024 жылғы 11 қазанда Астанада жасалған. Халықаралық Қайта Құру және Даму банкінің қарызы Қазақстан Республикасына 84,9 млрд йен сомасында беріледі. Оны өтеу мерзімі – 11 жыл. Қарыз қаражаты ел экономикасының тұрақтылығын қолдау үшін тартылып жатыр. Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті осы заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», – деді палата депутаты Т.Савельева.
Жақында Қазақстанның бюджет тапшылығына байланысты Азия банктерінен 105 миллиард иен қарыз алатыны белгілі болған еді.