Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанның Израиль мен ХАМАС арасындағы келісімге қатысты ұстанымы қандай?

Қазақстанның Израиль мен ХАМАС арасындағы келісімге қатысты ұстанымы қандай?

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Израиль мен ХАМАС арасындағы татулық туралы мәмілелерге қатысты Қазақстанның ұстанымын айтты.

«Біз Израиль мен ХАМАС арасында атысты тоқтату туралы келісімді қуаттаймыз. Қатар, Мысыр және АҚШ-тың ара ағайындық талпыныстарын жоғары бағалаймыз. Бұл күш қолдануды тоқтатып, кепілдегілерді босатуға, Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізуді күшейтуге жасалған маңызды қадам. Қазіргі жағдайда бұл ауадай қажет шаралар. Қазақстан әрдайым бейбітшілік жағында. Бұл келісімдер қақтығысты ерте реттеуге жасалған қадамдардың негізін салды деп үміттенеміз», – деді А.Смадияров.

Ұқсас материалдар