Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан мен Армения арасында визасыз режим енгізіледі

Қазақстан мен Армения арасында визасыз режим енгізіледі

Мәжіліс «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтардың сапарлары мен болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қабылдады.

Келісімге 2024 жылғы сәуірде Мемлекет басшысының Арменияға ресми сапары аясында қол қойылған. Құжатқа сәйкес, екі ел азаматтары визасыз қатынай алады. Сонымен бірге, Армения азаматтары Қазақстанда 30 күн болғаннан кейін полицияда тіркелуге міндетті болады. Бұған дейін тіркеусіз 90 күнге дейін қалуға мүмкіндік берілген еді. Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің айтуынша, бұл норма көші-қон бақылауын күшейтеді.

Жыл басынан бері Қазақстанға 12 мыңға жуық Армения азаматы келген. Келісімге сәйкес, ұлттық заңнама аясында 90 күннен астам уақытқа қалуға уақытша тұруға рұқсат алу жеткілікті.

Енді елдерге кіру үшін қосымша паспорт қажет болмайды: Армения азаматтары сәйкестендіру картасымен, ал қазақстандықтар жеке куәлікпен кіре алады. Министрдің айтуынша, бұл шара шығындарды азайтып, сапар тәртібін жеңілдетеді.

Ұқсас материалдар