Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді

Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері жүргізуші куәліктерін өзара тану туралы меморандумға қол қойды.

Келісім Қазақстан Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің Абу-Дабиге жұмыс сапары аясында жасалды.

Құжат екі ел азаматтарына ұлттық жүргізуші куәліктерін өзара тануға және көзделген жағдайларда оларды жеңілдетілген тәртіппен айырбастауға мүмкіндік береді. Меморандум тараптар барлық ішкі мемлекеттік рәсімдерді аяқтағаннан кейін күшіне енеді.

Келіссөздер барысында тараптар ұйымдасқан трансұлттық қылмысқа, киберқылмысқа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес, қылмыскерлерді іздестіру және жедел ақпарат алмасу мәселелерін де талқылады.

Айта кетейік, жыл сайын Біріккен Араб Әмірліктеріне шамамен 400 мың қазақстандық барады, ал елде 14 мыңға жуық Қазақстан азаматы тұрақты тұрады. 

Ұқсас материалдар