Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан мен Израиль арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық талқыланды

  Қазақстан мен Израиль арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық талқыланды

Қазақстанның Израильдегі Елшісі Дәулет Ембердиев Израильдің Туризм министрі Хаим Кацпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму келешегін талқылады. Әсіресе, Қазақстанның туристік тартымдылығын арттыру, мәдени байланыстарды ілгерілету, сондай-ақ екі елдің туристік агенттіктері арасындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Елші Израильдің бұл саладағы ынтымақтастықты нығайтуға деген қолдауы мен қызығушылығына ризашылық білдіріліп, іскерлік және гуманитарлық байланыстарды одан әрі кеңейтуге дайын екендігі атап өтті. Қазақ дипломаты сондай-ақ Қазақстанда туристік инфрақұрылымды дамыту бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат берді.

Кездесу соңында сұхбаттастар туризмді дамыту мен достық байланыстарды нығайтуға бағытталған бірлескен бастамаларды жүзеге асыруда өзара қызығушылықтарын растады.

Ұқсас материалдар