Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы $3,8 млрд-тан асты

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы $3,8 млрд-тан асты
Биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан Өзбекстанның негізгі сауда серіктестерінің үштігінде қалды, 

Қаңтар-қараша аралығында елдің сыртқы сауда айналымы 59,4 млрд долларға жетіп, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 3,6%-ға өсті.

Өзбекстан Статистика агенттігінің ақпаратына сай, бүгінгі таңда көршілес мемлекет әлемнің 195 елімен сауда-саттық жасайды. 11 айдың қорытындысы бойынша елдің басты сауда серіктестері көшін Қытай бастап тұр. Екі мемелекет арасындағы тауар айналымы 11,2 млрд доллардан (жалпы көлемнің 19%) асты.
Одан кейінгі орында сауда-саттықтың 18% үлесі тиесілі Ресей тұр. Бұл елмен арадағы импорт-экспорт көлемі 10,6 млрд доллар болды.

Сонымен қатар, көшбасшылардың үштігін Қазақстан түйіндеді. Біздің ел мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 3,8 млрд доллардан (жалпы көлемнің 6,5%) асты. Қамтылып отырған кезеңде Өзбекстан Қазақстанға 1,3 млрд доллардың тауарын экспорттап, 2,5 млрд доллардан астам сомаға тауар импорттаған.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу процесі аяқталуға жақын.

Ұқсас материалдар