Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан мұнайын Германияға тасымалдау бойынша маңызды келісімге қол қойылды

Қазақстан мұнайын Германияға тасымалдау бойынша маңызды келісімге қол қойылды

Варшавада «ҚазТрансОйл» компаниясы мен Польшаның мұнай құбыры жүйесінің операторы PERN арасында Қазақстан мұнайын тасымалдауға қатысты маңызды келісім жасалды.

Құжат Польша аумағындағы «Адамова Застава» мұнай қабылдау-табыстау пунктінде тараптардың өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды. Келісімде мұнайды қабылдау, тапсыру және есепке алу рәсімдері, құжат айналымы, сондай-ақ барлық қатысушылардың міндеттері мен жауапкершілігі нақты көрсетілген. Келісім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Аталған уағдаластық Қазақстан мұнайын Германия нарығына тұрақты және үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар ол Қазақстаннан басталатын экспорттық бағыт бойындағы магистральды мұнай құбырлары операторлары арасындағы өзара үйлесімділікті күшейтеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының еншілес ұйымы ҚазТрансОйл ұлттық мүдделерді қорғау және мұнайды ішкі әрі сыртқы нарықтарға сенімді жеткізу бағытындағы жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді.

Ұқсас материалдар