Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан Пәкістанға 108 млн долларлық 600 электр автобусын экспорттайды

Қазақстан Пәкістанға 108 млн долларлық 600 электр автобусын экспорттайды

Қазақстандық Falcon EuroBus компаниясы Пәкістанға 600 дана электр автобусын жеткізу жөнінде келісімге келді.

Бұл туралы Исламабадта өтіп жатқан «Қазақстан–Пәкістан» бизнес форумында белгілі болды.

Алғашқы автобустар биыл сәуір айында жөнелтіле бастайды. Коммерциялық келісімнің жалпы құны –108 млн АҚШ доллары. Компания 2027-2028 жылдарға қарай Пәкістан нарығына экспорт көлемін 2000 автобусқа дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

2018 жылы Алматыда құрылған Falcon EuroBus бүгінде еуропалық стандартқа сай автобустар шығарады. Кәсіпорын жылына 1500 техника өндіреді, ал биыл өндіріс қуатын 3000 данаға дейін арттыру көзделген. Компания өнімдеріне Өзбекстан, Моңғолия, Пәкістанмен қатар Еуропа елдерінен де сұраныс жоғары.

Falcon EuroBus директорлар кеңесінің төрағасы Мұрат Әділхановтың айтуынша, форум аясында жолаушылар тасымалына арналған 600 электр автобусын жеткізу туралы келісім жасалып, сондай-ақ болашақта оқушылар тасымалы үшін 2000 автобус экспорттау мәселесі талқыланған.

Форум қорытындысы бойынша Falcon EuroBus пен пәкістандық OGCC International компаниясы арасында коммерциялық құжатқа қол қойылады.

Айта кетейік, «Қазақстан-Пәкістан» бизнес форумы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістанға мемлекеттік сапары аясында өтіп жатыр.

Ұқсас материалдар