Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2024 жылдың 13 желтоқсанға қараған түнінен бастап «Сырым» авткөлік өткізу пунктінде Ресей Федерациясына қарай 450-500 жуық жүк көлігі жиналып қалған.
Батыс Қазақстан облысы мен Ресей Федерациясының Самара облысы аумағында ауа-райы нашарлап, қалың қар түсіп, боран соғып, көктайғаққа байланысты жүк көліктері 12 желтоқсаннан бастап өте алмай, тұрып қалған.
«Ресей Федерациясындағы федералды трассалар бойынша қозғалыс уақытша шектелді, Ресей ТЖМ мәліметі бойынша шектеулер шамамен 13 желтоқсан сағат 22:00-ге дейін қолданылады», – делінген хабарламада.
Осы жағдайларға байланысты жүк көліктерінің қозғалуға мүмкіндігі жоқ және олар ауа-райының жақсаруын күтіп жатыр.
Аталған жағдай бойынша жүргізушілерге түсіндірме жұмыстар жүргізіліп, кемпингтерде ауа-райы жақсарғанша күтіп, басқа облыстардағы жақын маңдағы өткізу пункттері арқылы маршрут құру ұсынылды.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Алаш қозғалысы тарихына қатысты архив материалдары жинақ болып шықты
- 15 желтоқсан, 2024
Биыл 1,3 трлн теңгенің 180 инвестициялық жобасын енгізу жоспарланған
- 12 желтоқсан, 2024