Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы 2026 жылғы телемаусым жобаларын ұсынады

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы 2026 жылғы телемаусым жобаларын ұсынады

«Qazaqstan» ұлттық телеарнасы жаңа телевизиялық маусымда көрермен сұранысына сайқоғамдық маңызы жоғары бірқатар жаңа жобаны ұсынады. Бұл туралы баспасөз қызметі хабарлады.

Телеарна ақпараттық-сараптамалық, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси, мәдени-рухани, танымдық-ағартушылық және сазды-шығармашылық бағыттарды қамтитын бағдарламалар арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеуді, қоғамдық ой-пікір мәдениетін қалыптастыруды, азаматтық сананы жаңғыртуды мақсат етеді. 

Түрлі салада биік белестерді бағындырып жүрген жастар туралы «Prime Era», қайырымды әрі өнегелі істерімен көпшілікке үлгі болған азаматтарды таныстыратын «Ізгілік формуласы» және экологиялық мәдениетті насихаттайтын «Таза сана» бағдарламалары жалғасады.

Жаңа маусымда бірқатар тың тележоба көрермен назарына ұсынылады. Атап айтқанда, прогрессивті ұлт қалыптастыруға бағытталған «Жасампаз ұлт», елімізде жаңадан салынған әрісалынып жатқан әлеуметтік нысандардың, индустриялық, инновациялық объектілердің тұрғындарөміріне, елдің экономикалық-әлеуметтік дамуына әсерін көрсететін «Қарқынды құрылыс», заңшығару саласындағы өзекті мәселелерді халыққа қарапайым әрі түсінікті тілмен жеткізугебағытталған «Құрылтай», маңызды реформалар мен мемлекеттікбастамалардың мәнін, тарихинегізін және қоғамғаәсерін қарапайым тілмен түсіндіретін «Қазақстан антологиясы», азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылубарысы, қолдау тетіктерінің тиімділігі мен қоғамға әсері талданатын «Жауапты мемлекет» жәнеҚазақстандағы түрлі этнос өкілдерінің ел дамуына қосқан үлесін кеңінен таныстыратын «Бір елдіңперзенттері» жобалары бар.

Ұлттық арна араға 20 жыл салып аңызға айналған «SuperStar» музыкалық байқауын қайтажаңғыртты. Жыл соңына дейін жалғасатын жоба дарынды жастардың үлкен сахнаға жол ашуынамүмкіндік беріп, олардың шығармашылық әлеуетін кең аудиторияға таныстыруды мақсат етеді.

Тағы бір айта кететін жайт, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» 2026 жылыэфирге шығатын 185 бөлімнен тұратын жаңа жеті телехикая мен деректі фильмдер желісінәзірлеуде. Телехикаяларға медицина, цифрлық қауіпсіздік, заң үстемдігі, еңбек адамы, кәсіпкерлік, отбасы құндылықтары мен экологиялық мәдениет тақырыптары арқау болады

«Донор» телехикаясы донорлық мәдениетті қалыптастыруға және адам өмірінің құндылығындәріптеуге бағытталған. Сонымен қатар медицина саласының дамуын, дәрігер еңбегінің маңызынжәне адамгершілік, жауапкершілік, екінші мүмкіндік сияқты құндылықтарды насихаттайды.

«Селт еткен сезім» телехикаясы Қазақстанның туризмін насихаттап, елдің табиғи байлығын, өңірлік ерекшелігін, жол мәдениетін және ұлттық құндылықтарын көркем экран тілі арқылы кеңаудиторияға танытады. Сонымен қатар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасының негізгіқағидаттарын дәріптеп, табиғатты аялау, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау жәнеэкологиялық мәдениетті қалыптастыру идеяларын насихаттайды

Ал детектив жанрындағы «Киберқалқан» картинасында ІІМ арнайы бөлімінің майоры Азаттыңкүресі барысында қарапайым алаяқтықтың артында мемлекетке қарсы бағытталған қуаттыкиберсиндикат тұрғаны анықталады. Билік пен банк жүйесіне қауіп төндірген қылмыстық әрекеткейін стратегиялық нысандарға соққы беруге көшеді. Азат тексеру жұмыстары кезінде ауырқылмыстардың артында өзінің досы тұрғанын анықтайды.

«Адвокат Айсұлу» туындысы қоғамда заң үстемдігіне деген сенімді нығайтуға бағытталған. Телехикаяда жасанды интеллект пен цифрлық технология дамыған кезеңдегі адамжауапкершілігінің маңызы көрсетіледі. Отбасы құндылығы, ана рөлі, ар-ождан таңдауы арқылыкөрерменге әділеттің түпкі негізі адамдық екені жеткізіледі.

«Кен жолы» драмалық телетуындысы 800 метр тереңде қамалып қалған шахтерлардыңсабырлылығы, шеберлігі мен ауызбіршілігі сынға түсетін сәттерді баяндайды. Сонымен қатароларды құтқару үшін жанталасқан әскери, төтенше жағдай және құқық қорғау қызметкерлерініңеңбегі көрсетіледі.

«Гүлдала» телехикаясының оқиғасы тағдырдың жазуымен Гүлдала ауылына келін болып түскенбілімді де жігерлі Гүлшаттың төңірегінде өрбиді. Көкпаршы Жалғастың ауыр жарақаттан кейінгікүйзелісі мен ауылдағы тоқырау жас келінді кәсіп бастауға жетелейді. Гүлшат мемлекеттік қолдауарқылы шаруашылықты дамытуды ұсынып, ауыл тұрғындарын ортақ іске жұмылдырады

«Жоғалған есім» телехикаясы жас кәсіпкер Айдардың өміріндегі күтпеген өзгерістен басталады. Өзінің асыранды екенін білген ол туған ата-анасын іздеуге кірісіп, отбасылық құпиялар мен сатқындыққа тап болады. Телехикаяда әлеуметтік теңсіздік, тастанды бала тағдыры сияқты өзектімәселелер көтеріледі

Деректі фильмдер топтамасы

Қазақстанның ірі өзендеріЖайық, Сырдария және Ертіс бойындағы тіршілік «Өзенжағалап...» деректі фильмінің негізгі өзегіне айналады. Қайықпен жасалған экспедиция барысындаөзен жағасында өмір сүретін халықтың тұрмыс-тіршілігі, табиғаты, флорасы мен фаунасы, сондай-ақ өзендердің өңір экономикасы, инфрақұрылымы және мемлекетаралық саудабайланыстарындағы маңызы көркем бейнеленеді.

«Соңғы алма» жобасы адамзат үшін стратегиялық маңызы бар табиғи байлықжабайы алманыңтағдыры туралы сыр шертеді. Ғалымдардың пайымынша, мәдени алма сорттарының генетикалыққоры біртіндеп тарылып келеді. Ал әлемдегі барлық мәдени алманың түп атасы саналатын Сиверсалмасы Қазақстан аумағында ғана табиғи түрде сақталған. Фильм осы бірегей генетикалық мұранықорғаудың маңызына тоқталып, оның болашақ азық-түлік қауіпсіздігі мен әлемдік селекция ғылымындағы ерекше орнына назар аударады.

 

Ұқсас материалдар