Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан Түрікменстанға 178 тауар түрін экспорттауға дайын

Қазақстан Түрікменстанға 178 тауар түрін экспорттауға дайын

Астанада өткен Қазақстан-Түрікменстан бизнес-форумында екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Соңғы бес жылда екіжақты тауар айналымы екі еседен астам өсіп, 530 млн АҚШ долларынан асты. Қазақстанның Түрікменстанға экспорты шамамен 50%-ға артып, 316,3 млн долларға жетсе, импорт көлемі бес есеге өсіп, 215,8 млн долларды құрады.

2026 жылдың алғашқы төрт айында екі ел арасындағы сауда айналымы 180 млн АҚШ долларына жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7%-ға артты. Қазақстан экспорты 18,9%-ға өсіп, 114,8 млн доллар болған.

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, Қазақстан Түрікменстанға экспорттық әлеуеті 200 млн АҚШ долларынан асатын 178 шикізаттық емес тауар позициясын ұсынуға дайын. Негізгі бағыттар – металлургия, машина жасау, тамақ, химия және мұнай-химия өнеркәсібі, фармацевтика мен құрылыс материалдары.

Ұқсас материалдар