
Еліміздегі мұнай өңдеу зауыттары АИ-100 маркалы бензинін өндіруі мүмкін. Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлім етті.
Атап айтқанда, бірқатар елде «премиум-санаттағы» АИ-100 маркалы бензинін сататын жанармай құю стансаларының көбейіп келеді. Бұл өз кезегінде осы бензин маркасына сұраныс артып келе жаттанын байқатып отыр.
«Қазіргі кезде Қазақстанда АИ-100 маркалы бензин өндірілмейді. Дегенмен, отандық мұнай өңдеу зауыттарында алдағы уақытта бұл бензин түрін өндіру бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр», – делінген министрліктің жауабында.
Бұл тұрғыда техникалық-экономикалық негіздемені пысықтаған кезде, нарықтағы сұранысқа байланысты нақты автокөлік бензинінің маркаларының тізімі қарастырылады.
Айта кетейік, АИ-100 маркалы бензинімен спортқа арналған және суперкар көліктері жүреді. Бұл машиналар максималды өнімділікті талап етеді және оны 100 маркалы бензин қамтамасыз ете алады. Жоғары жылдамдыққа арналған қуатты қозғалтқыштары бар автомобильдерге де АИ-100 бензинін пайдалануға болады. Сондықтан жанармайдың осы түрімен жүретін көліктердің қозғалтқышында қуаты мен өнімділігі артады.