Жаңалықтар
Қазақстанда AZAL ұшағы апатынан 32 адам аман қалды - Әзербайжан Бас прокуратурасы
«Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда AZAL әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырап, 32 адам аман қалды», - деді сәрсенбі күні өткен брифингте Бас прокуратураның баспасөз қызметінің өкілі Қанан Зейналов.
Оның айтуынша, қазір Қазақстан прокуратурасымен бірлесе қылмыстық іс тергелуде.
«Біз әзірге тергеудің қандай да бір нәтижесін айта алмаймыз, барлық нұсқалар қарастырылуда, тиісті сараптамалар жүргізілуде, оқиға орнында Әзірбайжан бас прокурорының орынбасары бастаған тергеу тобы жұмыс істеп жатыр», - деді Зейналов.
Ал Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше Әзірбайжанның 14, Ресейдің 10 азаматы мен екі қырғызстандық тірі қалған.
Бұған дейін хабарланғандай, Бакуден Грозныйға ұшқан ұшақта 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің дәрігерлері 29 адам аман қалғанын хабарлады.
Оқиқғаға байланысты Қазақстан тарапы да, Әзірбайжан да мемлекеттік комиссия құрды. Қазақстандық комиссияны ПМ орынбасары Қанат Бозымбаев, әзірбайжандық комиссияны премьер-министр Али Асадов басқарады.