Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда азаматтық алу үшін тапсырылатын тест жеңілдетілді

Қазақстанда азаматтық алу үшін тапсырылатын тест жеңілдетілді

Қазақстанда азаматтық алуға арналған тестті тапсырудың ең төменгі шегі төмендетілді.

Енді емтиханды сәтті тапсыру үшін үшін қазақ тілінен 15 балл, Конституциядан 20 балл және Қазақстан тарихынан 15 балл жинау қажет. 

Тиісті бұйрықты Ғылым және жоғары білім министрлігі жариялады.

Бұған дейінгі талап бойынша қазақ тілінен 36 балл, Конституциядан тоғыз балл және тарихтан 15 балл жинау керек болды.

Ведомство мамандары түсіндіргендей, өзгерістер әр пән бойынша сұрақтар санын теңестіруге және тестілеуді азаматтық алуға үміткерлер үшін қолжетімді етуге мүмкіндік береді.

Ұқсас материалдар