
Бидай экспорты бір жылда 58 пайызға өскен. Бұл астық бағасына да әсер етті.
Қазір үшінші сұрыптағы астықтың бір тоннасы 90 мың теңгеге дейін жеткен.
Дегенмен ішкі нарықта тапшылық жоқ. Елде 6 жарым миллион тоннадан астам астық қоры бар, оның басым бөлігі – бидай. Бұл ретте экспорт бағыттары да айтарлықтай өзгерді.
Сала мамандарының айтуынша, бүгінде қазақстандық астық әлемнің 45-тен астам еліне жөнелтіліп жатыр.
«Тасымалдау бойынша, Бельгия, Польша, Португалия, Нарвегия секілді мемлекеттер, сондай-ақ Аман, Катар мемлекеттерімен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Солтүстік Африка мемлекеттеріне де сынамалық партия ретінде жеткізіліп жатыр», – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің басқарма басшысы Марлен Оспанов.