Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда бірнеше жол учаскесі ақылы болуы мүмкін

 Қазақстанда бірнеше жол учаскесі ақылы болуы мүмкін

2026 жылы Қазақстанда бірқатар республикалық маңыздағы автожолдарды ақылы ету жоспарланып отыр.

Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі хабарлады. Қазіргі таңда елдегі ақылы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 4 900 шақырымды құрайды. Ал биыл ақылы негізде пайдалануға берілетін учаскелер қатарына «Бурылбайтал – Құрты», «Талдықорған – Өскемен», «Шу – Меркі», «Атырау – Астрахан», «Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал», сондай-ақ «Ақтөбе – Қандыағаш – Мақат» бағыттары енгізілуі мүмкін.

Ведомство өкілдері ақылы жолдардағы төлем жасау тәртібі де жеңілдетілетінін атап өтті. Жаңартылған ережелер жүргізушілерге төлемді уақытылы орындау үшін қосымша мүмкіндік беріп, процесті барынша ыңғайлы етуге бағытталған.

Бұған дейін қазақстандық жүргізушілер ең көп пайдаланатын ақылы жол учаскелері белгілі болған еді.

Ұқсас материалдар