Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Биыл тағы екі спутниктік интернет операторы іске қосылады

Биыл тағы екі спутниктік интернет операторы іске қосылады

Биыл Қазақстан нарығына шетелдік екі спутниктік интернет операторы кіріп, жұмысын бастайды.

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, шалғай елді мекендерді интернетпен қамту мәселесі спутниктік байланыс жобалары арқылы шешіліп жатыр. Қазіргі таңда елде үш спутниктік интернет операторы жұмыс істейді, ал жаңа екі компания бойынша пилоттық сынақтар биыл өткізіледі.

Сондай-ақ 2026 жылға дейін Қазақстан темір жолы пойыздары мен Air Astana әуе кемелерінде спутниктік интернет іске қосылады. Министр әкімдіктерге интернет жоқ, туристік және жету қиын аймақтарды жергілікті бюджет есебінен спутниктік интернетпен қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Жаслан Мәдиев Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы стратегиялық орны халықаралық интернет-трафик транзитінде маңызды рөл атқаратынын айтты. Осы әлеуетті күшейту мақсатында Каспий теңізінің табанымен Әзербайжанға дейін талшықты-оптикалық кабель тарту жұмыстары басталған. Жоба биыл аяқталады деп жоспарланған.

Ұқсас материалдар