Елімізде газды белгіленген нормадан артық тұтынған жағдайда сараланған тариф қолдану жоспарланып отыр.
Бұл туралы Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин газбен жабдықтау және газды үнемді тұтыну мәселелері бойынша заң жобасын таныстыру барысында мәлімдеді.
Депутаттың айтуынша, қазіргі баға белгілеу жүйесі нақты тұтыну көлемі мен өңірлердің климаттық ерекшеліктерін ескермейді. Соның салдарынан газды үнемдеуге ынталандыру тетігі жоқ.
Осыған байланысты заң жобасында газ тұтыну нормасын бекіту және нормадан асқан жағдайда сараланған тариф енгізу ұсынылады. Мұндай тәсіл су және энергетика саласында қолданылып келеді. Депутат атап өткендей, бұл тәжірибе Әзербайжан мен Өзбекстанда бұрыннан бар.





