
Бүгін елордада «Қазлизинг – 2025: өнеркәсіп пен кәсіпкерлікті қаржыландыру көзі ретінде Қазақстанда лизингті дамыту перспективалары» атты алғаш конференциясы өтті.
Аталған шара аясында бірқатар компания басшысы лизинг ассоциациясын құру туралы меморандумға қол қойды. Оның қатарында «Кәсіпкерлікті дамыту» АҚ, «Қазмектеп» АҚ, «Астана-Моторс финанс» ЖШС, «Капитал лизинг групп» АҚ, «Форта лизинг» АҚ, «Халық лизинг» АҚ, «Allur Finance» ЖШС бар.
Конференцияға Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова, «Бәйтерек» холдингі басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов қатысты. Одан бөлек еліміздің түкпір-түкпірінен келген сала мамандары мен лизингтік компаниялар өкілдері болды.
Еске салайық, жыл басында Парламент Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалар үшін лизинг енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы келіп түсті.